Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде айтулы мереке қарсаңында мерекелік іс-шара өтті.
Шарада сөз сөйлеген мектеп директоры Ринат Жұмабаев педагогтар қауымының болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі маңызы зор екендігін атап өтті.
Мерекелік шарада бір қатар ұстазға Маңғыстау облысы әкімі, Ақтау қаласының әкімі, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Басқармасының және мектеп директорының алғыс хаттары табысталды.
Сондай-ақ, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хаты география пәні мұғалімі Мирас Курбангалиевке және министрдің «Құрмет грамотасы» мектеп директоры Ринат Жумабаевқа берілді.
Ұлықталған ұстаздарға оқушылар да өз өнерлерін көрсетіп, мерекемен құттықтады.