- /
- Новости /
Оқушылар «Informatrix- Asia 2022» халықаралық компьютерлік жобалар байқауында жеңіске жетті
26 ақпан 2024 22:19
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Informatrix- Asia 2022» халықаралық компьютерлік жобалар байқауында жеңіске жетті.
«Informatrix- Asia 2022» халықаралық байқауы Сүлеймен Демирель атындағы университетінің базасында өтетін дәстүрлі шара. Биылғы додаға Тәжікстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Қазақстаннан 345 оқушы қатысып, 167 жоба қорғалды.
Мектебіміздің 8 оқушысы IT бағыты бойынша 4 жобамен байқауда бақ сынады. «Hardware control» және «Computer programming» категориясы бойынша алтын жүлде иегерлері:
Данил Мухалева және Диана Куванбай, жоба «Робот-терапевт SenimPlus»
Расул Абуов, Магжан Закария, Айсұлтан Бактыгали білім беру платформасы «Alternative Education»
Жеңісгүл Амангелдиева, «Сөйлесейік» жобасы.
«Hardware control» категориясы бойынша сайысқа түскен Ернар Өмірзақ пен Қанат Сакбаевтың «WeedPlastic био-пакет дайындау аппараты» жобасы қол жүлдені жеңіп алды.
Аталған «Робот- терапевт SenimPlus », «Alternative Education» платформасы және «Сөйлесейік» жобаларының ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Мәди Медет.