Оқушылар Samsung компаниясының «Solve for tomorrow» байқауына қатысты

26 ақпан 2024 23:00

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Данил Мухалев және оның ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Мәди Медет Samsung компаниясының «Solve for tomorrow» байқауына қатысып, жалпы есеп бойынша 4 орынға ие болды. Байқауға сәтті стартап «Робот-терапевт SenimPlus» жобасымен қатысып, үздік деген он жобаның қатарына еніп, өнертабыс үшін үш жүз мың теңгеге сертификат жеңіп алды. Аталған «Робот-терапевт SenimPlus» жобасы кез келген ауруға диагноз қоя алатын ерекше жоба. - Болашақта роботтар алмастыратын мамандықтар жылдан жылға көбейіп келеді. Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Біздің мемлекетімізде осы бағытта дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Осы саланы дамытуда балалармен қоса тынбай еңбек етіп жатырмыз. Бізге әлі де даму керек, өйткені робототехника үнемі ізденісті талап ететін сала. Болашақта біздің елімізде робототехника саласы дамыған мемлекетке айналады деген үміттемін,- дейді информатика пәнінің мұғалімі Мәди Медет «Solve for tomorrow» бағдарламасы 2010 жылы АҚШ-та құрылды және әлемнің 23 елінде таратылды. Бұл ғылым мен техниканың көмегімен басқаларға көмектескісі келетін, белсенді өмір салтын ұстанатын мектеп оқушыларына арналған идеялар сайысы. Айта кету керек, аталған байқауға еліміздің 800-ден астам оқушысы қатысқан. Олар Samsung компаниясы өткізген стартап байқауында өздерінің IT саласындағы креативті және заманауи ерекше жобаларын ұсынды. Қазылар алқасы ең қызықты, болашағы бар деген 40 жобаны іріктеп, жеті ай бойы қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын әзірледі. Финалға 10 командадан 30 қатысушы қатысты.