7-сыныптарға «Берік отбасы» бағдарламасы бойынша сертификат табысталды.

15 қазан 2024 18:13

Интеллектуалды мектептерде оқу жылының басында ата-аналар мен балаларға арналған бағдарламалар өткізу дәстүрге айналған.  

Ақтаудағы NIS-те 2024 жылдың қыркүйек пен қазан айларында 7-сыныптарда «Берік отбасы» бағдарламасы бойынша сабақтар өтті.

Бағдарламаны мектептің педагог-психологтары Тілектес Маскарова, Бақытгүл Наженова, Бибігүл Арыстанова жүргізді.

Бағдарлама ата-аналарға келесі бағыттар бойынша көмектесті:

Отбасылық тәрбие туралы білімдерін арттырды;
Ата-аналар ұжымының бірігуіне ықпал етті;
Отбасы мен мектептің бала тұлғасын дамыту бағытындағы күш-жігерін нығайтты;
Белсенді диалог арқылы табысты отбасылық тәрбие жөніндегі тәжірибелерімен бөлісуге көмектесті.

«Берік отбасы» бағдарламасының арқасында ата-аналардың дағдылары мен қабілеттері айтарлықтай жетілдіріледі, ата-аналар мен балалар арасында жылы қарым-қатынас қалыптасады, және бейімделу кезеңінде балалардың мінез-құлқындағы қауіп факторлары азаяды.