Ақтауда 100 оқушы домбырамен бірнеше күй тартты

24 қазан 2024 17:45

Ақтау қаласындағы NIS мектебінің оқушы­лары Республика күні қарсаңында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруін өткізді.

100 домбырашы бір уақытта Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Ерке сылқым» және «Жастар биі» шығармаларын орындап, өнерлерін Республика күніне арнады. Аталған шара Республика күнін ұлықтаумен қа­тар, мектеп оқушыларына ұлт­тық дәстүрді насихаттау мақса­тында ұйымдас­тырылған. «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруі дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. 4 жыл бойы республика бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің 21 филиалының барлық оқушылары бір мезгілде қазақ музыкасының классикалық шығармаларын орындап жүр.