Ақтаудағы NIS мұғалімдері «Берік отбасы» бағдарламасы аясындағы семинарға қатысты

01 қараша 2024 16:00

Ақтаудағы NIS-тің мамандары «Отпан» жобасы аясында ұйымдастырылған «Берік отбасы» оқу семинарында өз білімдерін жетілдірді.

Бұл іс-шараға Маңғыстау облысының 45 мектебінің сынып жетекшілері мен психологтары қатысып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қажетті дағдыларды үйренді.

Семинардың басты мақсаты – отбасылық байланыстарды күшейту, балалардың эмоционалдық қажеттіліктерін түсіну және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын меңгеру.

5 күнге созылған семинарға мектебімізден Есенгазина Ләззат Төлегенқызы, Амантурлина Мейрамгүл Қалданқызы, Анесова Индира Булатқызы, Қоржықбаева Ақмарал Марданқызы, Муратов Аманғали Маратұлы, Сағындықова Жанаргүл Аманбекқызы,Темірбекова Эльвира Темірбекқызы, Жалғасова Жанар Жалелқызы қатысты.