- /
- Новости /
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары арасында балалар құқығын қорғау жайында жиын өтті
28 ақпан 2024 15:44
Жиын барысында қозғалған тақырыптар: мектеп ішінде балаларды қауіп қатерден қорғау. Ұстаздарға балаларды қорғау заңдары туралы ақпарат беру. Бала құқығын сақтау сынды тақырыптар қозғалды.
Шара басталмас бұрын ұстаздар «баланы неден қорғау керек?» деген сұраққа жауап берді.
Жиынның модераторы болған химия пәні мұғалімі Мохамед Фатхи Гомаа Эльших балаларға қатысты шетелде болған жағдаяттарды мысал ретінде қарастырып, мұғалімдерге арнайы психологиялық тест өткізді. Тесттің жауабын топқа бөлініп талқылап, біздің елдегі менталитетпен салыстыра отыра кез келген жағдайды біз қалай қабылдаймыз немесе шетелде оны қалай қабылдайды деген салыстырулар арқылы пікір алмасты.
Жиын қортындысы бойынша баланы қорғау саясатын мектептегі әр ұстаз білуі тиіс. Мұғалім кез келген жағдаймен бет-бет келген кезде шара қолданып білуі тиіс.