Ақтаулық оқушы IX Иран олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

28 ақпан 2024 15:50

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Дамир Нурланов 14 қазан күні онлайн форматта өткен геометрия пәнінен Халықаралық Иран олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапатталды. - Жалпы Қазақстан бойынша 1000-нан аса оқушы олимпиадаға қатысты. Олимпиада сұрақтары күрделі деңгейде болды. Алайда бар күшімді салып, жақсы нәтижеге қол жеткіздім,- дейді Дамир Нурланов Олимпиадаға Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды қалаларының оқушылары қатысты. Айта кетейік Дамирді олимпиадаға дайындаған Ақтаудағы NIS мектебінің математика пәні мұғалімі Алмаз Кенжанов Алғашқы Иран олимпиадасы 2014 жылы өтті. Бірінші олимпиадаға 10-нан астам мемлекет қатысса, VIII Иран олимпиадасында олардың саны 70 елден асты. Бұл олимпиадаға әр мемлекеттен үш лига бойынша оқушылар қатысады: 1 лигада – 7-8 сынып, 2 лигада – 9-10 сынып, ал 3 лигада 11-12 сыныптар.