- /
- Новости /
БҰҰ Балалар Фондының өкілімен кездесу өтті
28 ақпан 2024 18:24
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар Фондының өкілі Артур ван Дизен қонақта болды.
Нидерланды азаматы Артур ван Дизен 2019 жылдың 1 маусымында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар Фондының өкілі атанды. Одан бұрын халықаралық даму бойынша Ұлыбритания Министрлігінде (DFID), БҰҰ Даму программасы және басқа да халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас делегаттары ЮНИСЕФ өкілін мектептің ішкі жағдайын, оқушылардың жетістіктерімен Model United Nations of NIS Aktau @_munnisa_ клубының жұмысымен таныстырды. Ал Артур мырза өз кезегінде балалар құқығын қорғауға, қолжетімді тамақтану деңгейін көтеруге, оқу-біліммен қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстандағы ЮНИСЕФ жұмысымен бөлісті. Ол сондай-ақ қыздарға көбірек мүмкіндіктер беру арқылы барлық STEM салаларындағы гендерлік теңсіздікті жою және біздің қоғамдастықтарды, елімізді және жаһандық қоршаған ортаны қорғау үшін климаттың өзгеруіне шешімдер жасаудың өзектілігін атап өтті.
«Әр істі бастамас бұрын, балалардың күте алмайтындығын есіме салып отырамын», - деді сөз соңында ол.
MUNNISA болашақ іс-шараларда ЮНИСЕФ-пен тығыз жұмыс істеуге үміттенеді.
MUNNISA 23-25 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының жыл сайынғы онлайн халықаралық конференциясын өткізеді.