- /
- Новости /
Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқушыларға нашақорлықпен есірткіге қарсы жиын өткізді
28 ақпан 2024 22:45
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқушыларға нашақорлықпен есірткіге қарсы жиын өткізді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша өткен жиында Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Балзипа Бердешова, жасөспірімдерге оның зиян мен салдарына тоқталды.
- Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Қоршаған ортасының кері әсерінен де теріс жолға түсу қаупі бар. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады,- дейді Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб аға инспекторы полиция капитаны Жандос Ахметов
Дәрігер-психиатр, нарколог Уали Усипбаев жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтауда алдын алу жұмысының маңыздылығын айтып, есiрткi, психотроптық заттар, вейпинг адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін ескертті.