- /
- Новости /
Проведен семинар-практикум для воспитателей и воспитанников специальной школы-интерната Мангистауской области
29 ақпан 2024 16:39
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана бірлестігі Маңғыстау облысындағы арнайы мектеп-интернат тәрбиешілері мен тәрбиеленушілеріне арналған семинар-практикум өткізді.
Шарада тәрбиешілермен жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатында түрлі тренинг, семинарлар ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан итернат оқушыларына тәрбиеші Арайлым Исаева «Мейірімділік жүректен!» психологиялық тренинг өткізсе, екінші топқа Жұмагүл Мизамбаева «Дәнді дақылдармен қоян жасау» (аппликация) шеберлік сабағын өткізді. Ал, арнайы мектеп-интернатының тәрбиешілеріне жатақхана меңгерушісі Сайра Сарсенова «Әлеуметтік жобалардың тәрбие процесіндегі маңызы» тақырыбында семинар өткізді.
Сондай ақ тәрбиешілер Роза Наргозиева мен Эльмира Базаркулова оқушыларға үстел үсті ойындарынан шеберлік сағатын көрсетсе, тәрбиеші Гүлнара Сарсенгалиева оқушыларға «Сәндік раушан гүлін жасау технологиясын» үйретті. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Гүлсім Тажмағамбетова «Халық әнімен бір ырғақта» музыкалық-танымдық сергіту сағатын өткізді.
Облыстық арнайы мектеп-интернаты оқушыларына арналған шараның әдемі нүктесін жатақхана зияткерлері қойды. Олар оқушылар үшін «Біз сіздермен біргеміз!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қойылым қойды.
Жатақхана кеңесінің жауапты оқушысы 9 «В» сынып оқушысы Зейнеп Серік пен тәрбиеші Гүлсім Тажмағамбетованың жетекшілігімен «Менің атым – Қожа» қойылымын көрсетіп, ойындар ойнатылып, келген оқушыларға сыйлықтар үйлестірілді.
Айта кетейік тәжірибе алмасу мақсатында өткен шарада «Қос перне» домбыра үйірмесі жетекшісі Гүлсім Тажмағамбетова және жатақхана оқушылар кеңесінің мүшелері арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерін күмбірлеген күймен күтіп алған болатын.