Ақтаудағы NIS өкілдері Әзірбайжанда іс сапарда

29 ақпан 2024 22:08

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Әзірбайжан Республикасына іс сапарға кеткен делегация OCEP (Olympic Culture and Education Program) жобасы аясында Бакудегі Ағайынды Новрузовтар атындағы №36 мектеп ұйымдастырған мерекелік шараға қатысты. Мерекелік шараға Әзірбайжан Республикасының министрлігі, сондай ақ Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігі өкілдері қатысты. Қазақстанның мәдениетін таныстырушы делегация ретінде шараға қатысқан Ақтаудағы NIS өнерпаздары жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. - Әзірбайжандағы сапарымыздың алғашқы күнінде OCEP бағдарламасының ұйымдастырушыларымен Әзірбайжандағы серіктес мектеп өкілдері бізді керемет көңіл күймен қарсы алып, Бакудің тамаша тарихи, мәдени көрікті жерлеріне экскурсия жасады. Бүгінде Қазақстанның мәдениетін таныстырушы делегацияның Әзірбайжанға келудегі басты мақсаты сәтті орындалды. Өнерпаздар көрермен қошеметіне бөленіп, әзірбайжандықтар дәстүрімізбен, мәдениетімізге үлкен құрмет көрсетті,-дейді Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Лаура Байтоқаева Екі мемлекет арасында көпір болған Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен Ағайынды Новрузовтар атындағы №36 мектеппен бірлесе өткізген мәдени алмасу шарасы жоғарғы деңгейді өтті. Шарада мектептің «Шұғыла» би ансамблі, «Қос перне» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.