NIS Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы «алтын көпірге» айналды

29 ақпан 2024 22:11

Оқушылармен ұстаздардан құралған бір топ делегация OCEP (Olympic Culture and Education Program) бағдарламасы аясында Бакудегі серіктес мектеп Ағайынды Новрузовтар атындағы №36 мектеп ұйымдастырған мерекелік шараға қатысты. Мерекелік шараға Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Фазаил Рагим оғлы Агамалы, сондай ақ Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігі бірінші хатшысы Қайранов Бекзат Бекболатұлы қатысты. Қазақ мәдениетін таныстырушы делегация ретінде шараға қатысқан NIS өнерпаздары жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Осылайша NIS екі елдің достығын жалғаған алтын көпірге айналды. -​Әзірбайжанға сапарымыздың алғашқы күнінде OCEP бағдарламасының ұйымдастырушыларымен қатар әзірбайжандық серіктес мектеп өкілдері бізді керемет көңіл күймен қарсы алып, Бакудің тамаша тарихи, мәдени көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды. Бүгінде Қазақстанның мәдениетін таныстырушы делегацияның Әзірбайжанға келудегі басты мақсаты сәтті орындалды. Өнерпаздар көрермен қошеметіне бөленіп, әзірбайжандықтар дәстүрімізбен, мәдениетімізге үлкен құрмет көрсетті. Бұл сапарымыз екі ел арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосады деп үміттенеміз,- дейді Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Лаура Байтоқаева Шарада халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Шұғыла» би ансамблі, «Қос перне» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. - Шара әзірбайжандық және қазақстандық оқушылардың сан алуан қойылымдарымен, сондай-ақ спорттық көрсетілімдерімен назар аудартты. Мұндай жобаларды дәстүрлі түрде жүзеге асыру мемлекеттер мен халықтар арасындағы жылы байланысқа жол ашады, -деп қорытындылады «Ана Ватан» партиясы төрағасының гуманитарлық және коммуникациялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Гүнай Агамали