Ақтаудағы NIS-те «WRO-2023» дүниежүзілік робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті

29 ақпан 2024 22:15

Төрт категориядан тұрған сайысқа Ақтау қаласындағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, №12, №29 жалпы білім беретін мектептері, Мұнайлы ауданындағы №2 жалпы білім беру мектебі, SMART ILIM мектеп-гимназиясы, Ақтаудағы NIS оқушылары қатысты. Сайыс ережесі бойынша қаысушылар әр категория бойынша роботтардың кедергілерден өту, заттарды бір нүктеден екінші нүктеге қозғалту секілді әрекеттерді орындау шеберліктері бағаланды. Ал шығармашылық номинацияда қатысушылар өздерінің инновациялық жобалары мен өнертабыстарын ұсынды. Қала мектептерінің жас өнертапқыштарын басын қосқан сайыс барысы тартысты өтті. Жарыс соңында сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, арнайы сертификаттармен марапатталды: 1-орын «Future Innovators»: Automated Medical System(AMS) (NIS) 1-орын «Future Engineers»: SMART-ROBO ( SMART ILIM мектеп-гимназиясы) 2-орын «Future Engineers»: Be_team Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі 3-орын «Future Engineers»: Mozart (NIS) 1-орын RoboMission (Elementary) кіші топ: Amir-Zhani (№29 ЖББМ) 2-орын RoboMission (Elementary) кіші топ: Электроника (№2 ЖББМ) 1-орын RoboMission (Junior) орта топ: MisRobo (NIS) 2-орын RoboMission (Junior) орта топ: Evil mermaids (№12 ЖББМ) 3-орын RoboMission (Junior) орта топ: Er-robo (NIS) 1-орын RoboMission (Senior) үлкен топ: Тобот (NIS) 1-орын RoboSports: Kaspi (Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп) 2-орын RoboSports: NaVi (Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі) 3-орын RoboSports: Miko (NIS) Робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңінен үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар республикалық кезеңге жолдама алады.