Миссия
Біз – әрбір бала сапалы білім алуға қол жеткізе алатын, құндылықтарды дамытатын және қоғамға қызмет ететін қамқор және бақытты ортаны жасайтын командамыз!
Пайым
Біздің мектеп – оқушылар табысты білім алатын, құнды өмірлік тәжірибе жинақтайтын, жеке тұлғаны дамытатын және әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын азамат болуға дайындалатын орын. Біздің команданың әрбір мүшесі өзін жайлы сезінеді, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие және ынтымақтастық пен дамуға дайын!
Құндылықтар
Көптілді ортаны және мәдениеттер диалогін қолдау
Мұғалім, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы
Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу
Жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру
Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу
Өмір бойы білім алу
Сандар мен фактілер
1255
Оқушы
1627
Түлек
1508
Грант иегерлері
1372
SAT емтиханының орташа балы
7.4
IELTS емтиханының орташа балы
Мектеп туралы
2008 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен «20 Зияткерлік мектеп ашу туралы» жоба қолға алынды. 2009 жылы 12 қаңтарда бірінші Зияткерлік мектеп – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.