Кітапхана
Біздің кітапхана
Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасы “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ-ы 2018 жылдың 13 желтоқсандағы бекітілген ережесі және жалпы мектептік бөлімдердің жоспарын ескере отырып, мектеп әкімшілігімен бекітілген жоспары бойынша жұмыс істейді. Кітапхананың жұмысы мектептік құндылықтар кіретін қағидаттарға негізделіп құрылады. Сондықтан мектеп кітапханасы жұмысының негізгі бағыттарын келесі іс-әрекеттер құрайды:
жан-жақты, интеллектуалды және рухани дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
мектепте білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру;
оқушылар мен мұғалімдердің үздіксіз білім алуды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу;
рухани салауатты тұлғаны қалыптастыру;
мектеп ұжымының барлық қызметкерлеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
ата-аналармен және қоғаммен ынтымақтастық.
Бүгінгі таңда кітапхана қазіргі заманға сай қалыптасатын және белсенді дамып келе жатқан ақпараттық-білім беру кеңістігінің бір бөлігі және құжаттық-ақпараттық ресурстардың жиыны мен жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ететін мәдени-ағарту және ғылыми-қосымша әлеуметтік институт болып табылады. Өзіндік ізденіс, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты салыстыру дәл осы кітапханада алынуы тиіс дағдылар.
Мектепшілік кітапхананың стратегиялық мақсаты: кітапхана жұмысын мектептің білім беру, ақпараттық-мәдени орталығы ретінде ұйымдастыру, кітапхананың халықаралық деңгейдегі дамуына қол жеткізу және мектеп миссиясын қолдауды іске асыру.
Кітапхананың негізгі мақсаттары: кітапхана пайдаланушыларына ақпаратқа ашық және еркін қол жеткізуді камтамасыз ету; мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу жобаларына қатысуға, кітаппен және басқа да ақпарат көздерімен пайдалануды оқыту; ақпаратты іздеу, іріктеу және сыни бағалауды үйрету; оқушылардың тәуелсіз кітапханалық-ақпараттық пайдаланушы ретінде дағдыларын дамыту;, ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет барысында әрбір оқушының жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Біздің кітапхана бірнеше аймақтардан тұрады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған залдағы “Оқу аймағы” – қазақ және орыс тілдерінде көркем әдебиет орналасқан оқуға арналған аймақ.
Негізгі залдағы “Интерактивті аймақ” – кітапханалық іс-шаралар, активитилер мен сабақтарға, сондай-ақ оқушылардың әртүрлі спикерлермен кездесулеріне арналған аймақ.
“Зерттеу аймағы” мен “Оқу аймағы”- оқушыларға мен мұғалімдерге арналған ғылыми-зерттеу және көркем әдебиеті орналасқан аймақ. Оқушылар бұл аймақта үй жұмыстарын жасап, проектілерін, тестке дайындықтарын жүзеге асырады, сондай-ақ көркем әдебиетті оқиды.
Кітапхана оқырмандармен жеке жұмыс істеуге, оқушыларға кітап таңдау барысында кеңес беруге, әдебиет таңдауға көмек көрсетуде, жобалық-зерттеу қызметіне де көңіл бөледі. Сондай-ақ, кітапхана пайдаланушыларының мүдделерін барынша есепке алуға және әлектронды ресурстарды еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысады. Интернет-ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігінің арқасында кітапханалық-ақпараттық қызмет ассортименті айтарлықтай кеңейтілуде. Gale, Twig Bilim, Bilimland, iMektep сияқты электрондық деректер базаларын пайдалану бойынша консультациялар, тренингтер мен вебинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, ақпараттық сауаттылық бойынша сабақтар өткізіледі.
Басты басымдықтарының бірі оқу процесін сәтті ұйымдастыру үшін оқушыларды оқу, танымдық және көркем әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз ету болып табылады.
Кітапхана ғылыми-көпшілік кітаптармен, анықтамалықтармен, балаларға арналған көркем әдебиеттермен жасақталған. Кітапхана қорына ашық қол жеткізуге болады. Қорды орналастыру бөлімдер мен алфавит бойынша жүргізіледі.
Оқу қоры жеке бөлмеде орналасқан және оның орналасуы оқу сыныптары мен тілдері бой…