Тәжірибе тарату
Тәжірибе тарату
Назарбаев Зияткерлік мектептері оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістемелерін енгізе отырып, Қазақстанның білім беру жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.
2022 жылы «Қазақстан Халқына» қорының және «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» білім беруді тұрақты дамыту қорының әлеуметтік жобасы бастау алған. Бұл білім беруді тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің серіктестік бағдарламасы. Жоба Қазақстанның 17 облысында қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және қала мен ауылдық жерлер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда тірек мектептер желісі 135 мектепке жетті.
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Жетісу облысының 7 тірек мектебімен жұмыс істейді: Ақсу ауданының Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен КММ, Сарқан ауданының «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, Ескелді ауданының «Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, Кербұлақ ауданының «Коғалы орта мектебі» КММ, Панфилов ауданының «№6 орта мектеп интернаты» КММ, Алакөл ауданының «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы КММ, Көксу ауданы «Қадырғали Қосымұлы Жалайыр» атындағы орта мектеп-гимназиясы КММ.
Тәжірибені тарату аясында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тірек мектептерінің мұғалімдеріне қалалық, облыстық оқыту семинарлары мен вебинарлар, тренингтер, семинар-практикумдар өткізеді, әдістемелік қолдау, жас мамандардың менторингін жүргізеді.
Биылғы жылы «Оқытудағы дифференциялдық тәсіл»; «Формативті бағалау»; «Функционалдық сауаттылықты дамыту»; «Жасанды интеллект» тақырыптарында бірқатар іс-шаралар, «Пәндік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдер» тақырыбында вебинарлар, оқушыларды жеке қажеттіліктерін ескере отырып психологиялық сүйемелдеу, сондай-ақ шетелдік педаготардан білім беру вебинарлары, сонымен қатар, пилоттық мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу жоспарланған.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге тарату Қазақстандағы білім беру процесін жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады. Инновациялық әдістерді, заманауи технологияларды қолдану және мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту тиімді және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін құруға көмектеседі. Бұл процесс білім беру процесінің барлық қатысушыларының, соның ішінде мемлекеттік органдардың, педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерін талап етеді. Нәтижесінде NIS тәжірибесінің сәтті интеграциясы болашақ ұрпақты ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне дайындауға ықпал етеді.