banner

Ата-аналар комитеті

Ата-аналар комитеті

Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар комитеті белсенді түрде жұмыс істейді. Ата-аналар комитеті мектеп оқушыларының білімі мен тәрбиесінің дамуына, отбасылық қарым-қатынастың нығаюына әсер етіп, білім беру процесінің дамуына және бала мәселелеріне қатысты бірқатар мәселелердің шешімін табу мақсатында жұмыс атқарады.  

Мектеп әкімшілігі әрдайым ата-ана, бала, мектеп үштігінің байланысын нығайтуды көздейді. Қазіргі таңда ата-аналар комитетінің төрайымы - А.Жарылгасина. Ата-аналар комитеті ата-аналарды ақпараттандыру, тәрбиелік үдерісіне тарту, іс-шаралар өткізу және тәрбиелік ата-аналар сағаттарын ұйымдастыру бағытында белсенді қызмет атқарады.

Комитет айына бір рет жиналып, өз отырыстарында даму және оқу үдерістері бойынша өзекті мәселелерді талқылайды, ата-аналар арасында меценаттықты қолдап, аз қамтылған балаларға көмек көрсету бағытындағы волонтерлік жұмыстарды атқарады. Сондай-ақ, оқушылардың дамуын, мектеп құндылықтарын қалыптастыруды және академиялық адалдық саясатын қолдау бойынша мектеп әкімшілігінің саясатын қолдайды.

Комитет мектептің спорттық өміріне де белсенді түрде қатысып, денсаулық күні, тим-билдингтер, мектеп деңгейіндегі спорттық жарыстарда қатысады. Ата-аналар комитеті мектепті және мектеп аумағын жақсарту, қайырымдылық іс-шараларына қатысу, аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша белсенді волонтерлік жұмыстарды атқарады.