banner

Кітапхана

Кітапхана

Кітапхана миссиясы

Оқушылар мен педагогтарға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы оқу-тәрбие процесін және өзін-өзі тәрбиелеуді қамтамасыз ету:

  •          Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп кітапханасының жұмысын құру;

  •          Оқырмандарды кітапты және басқа ақпарат құралдарын пайдалануға, ақпаратты іздеуге, таңдауға және бағалай білуге үйрету;

  •          Дәстүрлі кітапханалық технологияларды жетілдіру және жаңа технологияларды игеру;

  •          Білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру;

  •         Кітапханалық-ақпараттық қызметтер базасын кеңейту;

  •          Библиографиялық анықтамалар беру, оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімін жасау;

  •          Жаңа оқу және әдістемелік әдебиеттердің түсуіне қарай педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, әдістемелік бірлестіктерде сөз сөйлеу.

Негізгі функциялары
Білім беру:

  • Бұл оқу-тәрбие үдерісіне жәрдемдесу, балаларды әлемдік және отандық мәдениеттің құндылықтарымен таныстыру.

Ақпараттық:

  • Кітаппен жұмыс істеп, ақпарат алу дағдыларын игеру бойынша сабақтар жүргізу;

  • Сыныптан тыс оқу және пәндік апталарды өткізуде кітапхана қорымен жұмысты ұйымдастыру;

  • Кітапхана қабырғасында, мектепте, кабинеттерде көрнекі насихат ұйымдастыру, жаңа кітаптар туралы ақпарат тарату.

Оқушылармен жеке жұмыс:

  • Оқушылардың оқу қызығушылықтарын зерттеу;

  • Оқу активімен жұмыс;

  • Мектептің педагогикалық ұжымымен жұмыс, (педагогтерге арналған ақпарат, педагогикалық кеңестерде, оқуды талдаумен және кітапхана жұмысының басқа да мәселелерімен әңгімелесу).

Тәрбие жұмысы:

  • Оқушыларда тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының дағдыларын қалыптастыру; (ақпаратты тасымалдаушыларды пайдалануға, ақпаратты іріктеуге, іздеуге және сыни бағалауға үйрету);

  • Кітаппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  • Мәдени мұра арқылы оқушылардың жеке басын қалыптастыру (әңгімелер, әдеби ойындар, викториналар, әдеби сабақтар;

  • Үздік құжаттарды кітапхана нысандарымен дәріптеу, көрмелер мен стендтер жасау, мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізу;

  • Сыныптан тыс оқу сабақтары (бастауыш сыныптар);

  • Кітапхана активін құру және онымен жұмыс істеу;

  • Оқу-тәрбие процесіне көмектесетін іс-шаралар.

    https://www.facebook.com/bibliotekasemey/