banner

Тәжірибе тарату

Тәжірибе тарату          

Назарбаев Интеллектуалдық мектептерінің тәжірибесін тарату Семей қаласындағы білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Жаңа бағдарламаны оқыту және орта білім беру мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету 2012 жылдан бастау алды.

Алғашқы жылдары Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектеппен және Семей қаласындағы №25 мектеппен тығыз ынтымақтастық орнатылған болатын. Осы серіктестік аясында Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері жыл сайын ауыл мектебіне барып, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп отырды.

2017 жылдан бері облыс мектептері мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеруіне күш салуда.

Тәжірибе тарату бағыты бойынша жұмыстар мұнымен шектелмейді. Себебі, NIS ұстаздары өз білгендерін педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттерге үйретуде.  Осы мақсатта Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті мен М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен екіжақты келісім-шарт жасалды. Осы келісім арқылы аталған оқу орындарының студенттері мектепте өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, білімдері мен дағдыларын арттыра алады. Дәл қазіргі уақытта физика, химия, география пәндері бойынша білім алушы студенттер іс-тәжірибелерін жалғастырып жатыр.  

2022 жылдың қазанында Абай облысының ауыл мұғалімдеріне, кітапханашыларға, сынып жетекшілеріне және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарларына арналған «Мектеп: тұлғаны тәрбиелеу» атты семинар-практикум өтті. Іс-шараға 220-дан астам ұстаз қатысты.

2022 жылы  «Ауылдағы мектептердің әлеуетін дамыту» республикалық жобасы аясында Аягөз қаласының көппрофильді гимназиясы тірек мектебі ретінде бекітілді. Қазіргі уақытта осы білім беру мекемесімен тығыз жұмыс жүргізілуде.

2023 жылдан бастап Аксуат және Жарма аудандарының екі негізгі мектеппен тығыз байланыс орнатылды. Ал 2024 жылы Абай, Бесқарагай, Бородулиха және Көкпекті аудандарының төрт негізгі мектебі арасында тығыз қарым-қатынас орнатылды.